Мейірбикелер мәртебесін көтерейік!

Медицинада науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буын қызметкер – мейірбике екенін бәріміз де білеміз. Иә, емнің дұрыс нәтиже беруі – мед­бикенің көрсетілген ем-домды сауатты да, қалтқысыз орын­дауында ғана емес, жаны қиналып жатқан науқаспен күндіз-түні бірге болып, жиі қарым-қатынас жасап, олардың көңіл-күйіне әсер ететін жанкешті еңбегіне де тікелей байланысты. Алайда, бүгінде денсаулық сақтау сала­сындағы ең басым мамандық иелерінің еңбегі туралы айтылар сөз көп. Дәрігер мен медбикенің әр­қайсысының өз са­ласы, өз қыз­меті бар дегенмен, түп­теп келгенде, ар­баның алдың­ғы қос дөң­гелегі сияқ­­ты, екеуі бірігіп бір бағытта жұмыс жасай­ды. Дәрігер — басшылық жасаса, мейірбике — орындайды. Дегенмен, бүгінде білікті де білімді мейірбикелер аз емес. Дәрігерлерден артық білмесе де, кем білмейтін жандар аз емес. «Арқалағандары алтын, жегендері жантақ» болып жүрген мейірбикелердің мәртебесі жоғары болуы тиіс. Кеңес Одағынан қал­ған ұғым, медбике – орта буын маман, дә­рігердің «ба­рып кел, ша­уып кел», орындау­шы­сы деп түсі­неді. Егер бүгінде Қа­зақстанда 138610 орта буын медицина қыз­меткері болса, соның 97060-і мейірбике, қал­­ғандары аку­шер, лаборант, т.б. екен. Ал, Жамбыл облысында бүгінде мемлекеттік және жеке мекемелерде 12095 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Бұл деген сөз — осыншама медбике – халықтың ден­сау­лығын нығай­тып, оларға қол­же­­тім­ді, әрі тиімді медици­на­лық көмек беруде ба­ғалы ресурс бо­лып отыр деген сөз. Олай дей­тініміз, медбике өз уақы­ты­ның 70 пайызын науқаспен өткі­зеді. Оларға нау­қас­ты күту мен ем­деудегі негізгі міндеттер жүк­теледі. Сондықтан бұл маман­дыққа деген көзқарас та ерек­ше болуы тиіс. Әрине, бүгінгі таңда карантиндік шараларға орай, инфекциялық блоктарда жұмыс істейтіндерге тиісті үстемақылары беріліп, айлық-жалақылары біраз көтерілді. Жаңа жылдан бастап басқа да көтерме мүмкіндіктер қарастырылды. Алдағы жылдармен салыстырғанда, жағдайлары біршама жақсарып келеді. Яғни, мейірбикелер мәртебесі де көтеріліп келеді. Дегенмен, әлі де болса, дәрігерден кейінгі буын болып саналатын осы мамандық иелеріне әлі де қолдау көрсету керек. Ме­ди­­цина социологиясының беделді өкілі А.В.Решетников «дәрігердің әлеуметтік мәртебесі еңбек ақысы, мамандықтың мәртебесі, өзін-өзі шыңдау сияқты критерийлерге байланысты» дейді. Мейірбикелердің де мәртебесі осыдан келіп туындауы тиіс. Медицина қызметкерлерінің мәртебесі – денсаулық сақтау жүйесінің тиімді жұмысының маңызды детерминанты. Сондықтан бүгінгі таңда жүйедегі қиындықтарға қарамастан, олардың еңбегін бағалап, өзін-өзі шыңдауға мүмкіндік беру, науқастардың орынсыз әрекеттеріне қатысты шаралар қолдану арқылы олардың құқығын қорғауға мән беру керек.

«SENIM» Денсаулық сақтау жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Гүлмайра Момбекова