Мектепке жол акциясы

«Берсен-балаға бер» демекші ағымдағы жылдың 20 тамызында «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен  «Мектепке жол акциясы» өткізілді.

Акцияға 21 емдеу сауықтыру мекемелерінің аз қамтылған жанұя,көп балалы отбасы және жартылай жетім балаларға әлеуметтік қолдау көмек көрсетілді.Балаларға мектеп формаларын өздері таңдап алуға мүмкіндік беріліп,ер балаларға 14000 (он төрт мың) теңге, қыз балаларға 17000 (он жеті мың)теңгелік сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар өнерлі жастар би билеп,ән шырқалып шара көңілді аяқталды.Балалар тамаша әсер алып,естелікке суретке түсті.Акция барлық емдеу сауықтыру мекемелерінде жалғасуда……