Халықаралық қарттар Күніне арналған іс-шаралар

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы және бастауыш кәсіподақ ұйымдары Халықаралық қарттар Күніне арналған іс-шаралар өткізді.

Медицина ардагерлеріне еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі және баға жетпес еңбегі үшін алғыс білдірді. Концерттік бағдарламалар, мерекелік үстелдер дайындалып, естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл күні біз болашағымызға қосқан зор үлесі үшін аға буын өкілдеріне алғыс білдіріп, қолдау көрсете аламыз.