ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА

01.06.2024 жылы Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы- Нигметуллин Ж.М. қатысуымен медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өткізілді.

Іс-шараны «Senim «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ және “БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ,»Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы», Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы, «Атоян» стадионы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Спартакиадаға 16 қалалық және 3 аудандық МҰ қызметкерлері үлкен ынтамен қатысты. Қатысушылар 6 спорт түрінен, атап айтқанда шағын футбол, жағажай волейболы, аркан тарту, дартс, асық ату, 4*100 метрлік эстафетадан өз күштерін сынай алды. Қарқынды күрес нәтижесінде жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей қалыптасты:

1 орын — «Бөрлі аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК номиналы 100 000 теңге сертификат табысталды;

2 орын — «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК номиналы 75 000 теңге сертификат табысталды;

3 орын — «№ 1 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК номиналы 50 000 теңге сертификат табысталды;

4 орын — «Көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК номиналы 25 000 теңге сертификат табысталды (арнайы сыйлық).

Сондай-ақ, «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік жанкүйерлер» және т.б. номинациялар бойынша дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Ұйымдастыру комитеті, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы, «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС, және «Атоян» стадионының әкімшілігіне қолдағаны үшін Алғыс білдіреміз!

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан да үлкен биіктерге жетуді тілейміз!