ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ ЖАРЫСЫ

Бүгін Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасымен бірге “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы бірлесе отырып, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ ЖАРЫСЫ өтті.

✅ Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған жарыс алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша 4 түрлі деңгейден тұрды.

✅ Мен ” SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы атынан қатысушыларды өткен мерекелерімен құттықтап, оларға сәттілік тілеп, сөз сөйледім.

✅ 11 облыстық бригаданың біліктілік деңгейлері бәсекеге түскен сайыстың нәтижесі бойынша үздік командалар анықталып, 1 ші орынға 200 мың сертификат берілсе, 2 орынға 150 мың сертификат, 3 орынға 100 мың ақшалай сертификаттар табыс етілді.

✅Сондайақ, сайыс барысында “Үздік фельдшер”, “Үздік коммуникативтік дағдылар”, “Үздік топтық жұмыс”, “Үздік парамедик” номинациялары бойынша үздіктер анықталып, ақшалай сый сыяпаттар табысталды.

✅ Аталмыш жарыс жедел жәрдем жәрдем қызметкерлері арасында білім мен біліктілік шеберліктерін шыңдауға ғана емес, қиыны мен кедергісі мол жұмыстарында тәжірибе алмасу, үйрену мен оқыту бағытында да орын алатынына сенімділік білдірдім.

✅ Қатысушыларға сәттілік тілеп, олардың қашан да жаңаша жетістіктер биігінен көрінетініне тілектеспін.

✅ SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы