КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

2023 жылғы 27 наурызда ҚР Кәсіподақтар федерациясының Оқу орталығы Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кәсіподақ кадрлары мен мүшелік ұйымдарының активтері үшін білім беру марафоны шеңберінде оқыту өткізді, оның ішінде «Senim «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы»РҚБ БҚОФ кәсіподақ белсенділері де қатысты.

Оқыту семинары «Өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу» тақырыбында өтті. Оқыту жаттықтырушысы ҚРКФ әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің бөлім меңгерушісі — Хансейт Болен болды.

Оқыту барысында оқытушы ресурстарды дәйекті және тиімді пайдалануға, сондай-ақ жұмысшылардың өмірі мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған бірқатар логикалық қадамдарды қамтитын еңбекті қорғауды үдемелі және үздіксіз жақсартудағы ұлттық басымдықтарды анықтау үшін қажетті толық ақпаратты берді.

Онлайн семинар тыңдаушылары еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында нәтижелі білім алды және болашақта оларды өз жұмысында қолдануға ниетті.