ОРАЛДА ЕҢБЕККЕР АРУЛАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ.

Наурыз айының 6 күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының «Келешек» жастар кеңесі мен Орал қалалық Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында кәсіподақ өкілдері, еңбеккер арулар арасында волейболдан турнир өтті.

Биылғы «Еңбек кубогына» нәзік жанды еңбеккерлерден құралған 6 команда бақ сынады.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы атынан 3 команда шықты, олар,

— №3 қалалық емхана қызметкерлері

— №5 қалалық емхана қызметкерлері

— біріккен құрама

Шараның басты мақсаты: еңбеккерлер арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге атсалысу, әр сала қызметкерлері арасында өзара достық, жолдастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

Ойын өте тартысты да қызықты өтті.

Нәтижесінде, 1- орынды біріккен құрама алды, 2 – орынды №5 қалалық емхана қызметкерлері алды

Жеңімпаздар мен қатысушы арулар бағалы сыйлықтармен, командалық кубоктар және дипломдармен марапатталды.

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының «Келешек» жастар кеңесі еңбекші жастар мүддесін қорғаумен қатар, олардың жұмыстан тыс уақыттарының пайдалы өтуіне үнемі атсалысады. Алдағы уақытта басқа да маңызды бағыттарды қамтыған түрлі шаралар жүзеге аспақ.