ОРАЛДА МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

5 тамызда Кәсіби медиация күніне орай «Медиация-әлеуметтік мәселелерді шешу құралы» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараның модераторы Халықаралық құқық қорғау орталығының БҚО филиалы басшысы, кәсіби медиатор-Султангалиев Махамбет Амантайұлы болды.

Сонымен қатар, аталмыш жиынға Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысы Досжанов Асылұлан Тұрсынұлы, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподағының төраға орынбасары Атауов Бауыржан Аяпбергенұлы, «АМANAT» партиясы БҚО филиалы партиялық қадағалау инспекторы Семгалиева Афиза Болатқызы, «АМANAT» партиясы БҚО филиалы өкілдері, салалық кәсіподақ өкілдері қатысты сонын ішінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ.

Күн тәртібіндегі басты мәселе-ұжымдағы даулардың алдын алу, жұмыскерлерлдің құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Осыған орай, кез келген мәселенің оңтайлы шешімінің табылуы, еңбеккер мен жұмыс беруші арасындағы дауды болдырмау-кәсіби медиацияның дұрыс атқарылған жұмысына байланысты екені алға тартылды. Дұрыс жасалынған ұжымдық шарт, ұжым ішіндегі ауа-райы, партиялық және кәсіподақ қадағалауы көптеген даулы мәселелердің алдын алып, еңбеккер құқықтарының дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді.
Шара соңында әрбір мекемеде кәсіподақ ұйымының ашылып, жұмыс беруші мен еңбеккер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін шарт жасалуына атсалысу керек деген шешім шығарылды.