Медициналық қызметкерлеге үстемақылары COVID-19 жұқпалы ауруларына қарсы жұмыс атқарған қызыметкерлерге Қазақстан Республикасының денаулық сақтау министірлігінің бұйрығына сәкес төленеді. 3 тәуекел топқа бөлінеді. Оған жататындар өте жоғары, жоғары және ортаңғы тәуекел топтар. Жалпы айтқанда, осы төлемдер бұйрыққа сәкес төленеді. Облыс деңгейінде еңбек ақыға төленетің үстемақыларын төлеу бойынша комиссия құрылды. Мен кәсіподағының төрайымы болып осы комиссия мұшесіне кіремін. Берілген тізімдер комиссия мүшелерімен талқыланып, сараптама мен отырыстар жүргізген соң бекітіледі.
Республикада коронавирустық пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан кейін, сондай-ақ облыста карантин енгізілгеннен бастап, кәсіподақ мүшелері мониторинг жұмыстарын жұргізді. Осы жеке қорғаныс құралдарының барына тексердік. Медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.
Медицина қызметкерлері жұмыс істейтін 18 бақылау-өткізу пунктінде кәсіподақтың тұрақты мониторингі жүргізілді (12 сыртқы, 6 ішкі).
Мониторинг нәтижесінде медициналық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді, олар үшін тамақтану орындары ұйымдастырылды, төсек-орын ауыстырумен ұйықтауға жағдай жасалды, антисептиктер жеткілікті мөлшерде қол жетімді болды, демалу бөлмесі болды, тамақ жеткізу процесі орталықтандырылды, жалақылар уақытылы төленді.
Ортақ жерден тамақ жоқ жерлерде бастауыш ұйымдардың кәсіподақ ұйымы тамақ өнімдерін, ас үй техникасын сатып алып және басқа күнделікті азық-түліктерін апарып отырды, осыған 500 мың теңге қаражат бөлінді.
Өтініш берген мекемелерден медицина қызметкерлері үшін аймақтық филиал -560 мың тенгеге маскалар, обаға қарсы костюмдер, респираторлар, асептиктер сатып алынды Инфекциялық және карантиндік ауруханаларда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін 1 млн. 644 мың теңгеге азық-түлік жиынтығы мен жеке гигиена құралдары, тұрмыстық техника сатып алынды. Жалғыз тұратын медицина ардагерлер және ата-аналары карантин бөлімдерінде жұмыс істейтін балалар назардан тыс қалмады, оларға азық-түлік пен жеке қорғаныс құралдары берілді. Сондай-ақ, «Павлодар облысы өңірлік кәсіподақтар орталығы» жанындағы әйелдер комиссиясын атап өткім келеді. Комиссия мүшелері Павлодар облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийінің карантиндік ауруханада тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерінен мұқтаж тұратын қызметкерлердін отбасына азық-түлік жиынтықтары түрінде көмек көрсетуге шешім қабылдап көрсетілді. Тағы да айта кететін жағдай, Пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне қолдау жобасын іске асыру шеңберінде Ұлттық еріктілер желісі және Назарбаев Университетінің әлеуметтік даму қорымен ұйыдастырылған жоба бойынша Павлодар қаласының жұқпалы, провизорлық ауруханаларына және кейбір блок бекеттеріне жеке қорғаныс құралдары мен байланыссыз термометр берілді. Аймақтық филиал әлеуметтік көмектен басқа, құқықтық көмек көрсетеді. Әсіресе, пандемия кезінде жұмысшылардың құқығын қорғау мәселелері шешілді, яғни біз штаттың 1 (бүтін)-нен төмен қысқартылмауын, жұмысшыларға мәжбүрлі демалыс уақытына әлеуметтік төлемдер төленгенін және басқа да мәселелерді қадағаладық (мысалы, 2019 жыл бойы 41 өтініш қарастырсақ, ал 2020жылдың 4 айы ішінде 26 өтінішті қарап 9 құқықтық кеңес берілді). Кәсіподақтармен ынтымақтастық, меншік және біріккендік медицина мамандарына COVID-19 коронавирус инфекциясымен күрестің қиын кезеңінде өмір сүруге көмектеседі деп санаймын.