2018 жылы 28 қараша күні БҚО Кәсіподақ орталығының бастамасы бойынша еңбек қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын түсіндіру, өндірістегі қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық инспекторлардың жұмысын жетілдіру мақсатында БҚО-да еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың форумы өтті.
Форумға БҚО Кәсіподақ орталығының өкілдері, облыстық кәсіподақтар өкілдері, «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО бастауыш ұйымының төрағасы мен техникалық инспекторлары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» БҚОФ, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Су Арнасы» ЖШС, «Орал политехникалық колледжі» МКҚК, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.», «Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасы», өкілдері қатысты.
БҚО Кәсіподақ орталығының төрағасы Ербол Салықов, қазіргі заманның маңызды әлеуметтік-еңбек мәселесі өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болып табылатындығын айтты. Ауыр зардаптары бар көптеген жарақаттар өндірістік жұмыс ұйымдарында бұзушылықтар, еңбек қауіпсіздігі мен төмен еңбек тәртібінің сақталмауы, сондай-ақ қызметкерлерді қауіпсіз еңбек шараларына қанағаттанғысыз оқыту себебінен орын алады.
«Жайықжылуқуат» АҚ, Орал қаласы бойынша «Су Арнасы» ЖШС, «Орал политехникалық колледжі» МКҚК, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.» техникалық инспекторлары өздерінің жұмыс тәсілдері туралы бөлісті.
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» БҚОФ директоры В. Графкин өнеркәсіп өндірісінің халықаралық менеджмент жүйесін енгізу туралы сөз сөйледі. Менеджмент жүйесі өндірістегі адамдардың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін алдын алу шараларынан тұрады.
Форум барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлардың жұмысы, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз туралы мәселелер қозғалды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі объектіде іс-шараларды одан әрі өткізу туралы айтылды.
Форум үздік техникалық инспекторларын құрмет грамоталарымен марапаттауымен аяқталды.