Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Наурыз-думан» мерекелік іс-шарасы өтті

Наурыз-жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі, бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа өмірдің бастауы.

19 наурыз күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Наурыз-думан» мерекелік іс-шарасы өтті.

Колледж директоры Г. К. Ситказинова ұжым мен студенттер құрамын «Наурыз» мерекесімен құттықтап, барлығына денсаулық, бақыт тіледі және колледж қызметкерлерін Денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде адал еңбегі үшін Мақтау Грамоталарымен марапаттады.

Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты, студенттер әдемі әндер мен халық билерін орындады.

«Нұр Ана» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мерекелік бағдарламамен қатысып, барлығын келе жатқан мерекемен құттықтады.