Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан» ұлттық теледидарына берген сұхбатына әбден риза болдым.

Қаңтар оқиғасынан кейін халықтың көкейінде көптеген түйткілді де түсініксіздеу сұрақтар қалды, оларға әркім өзінше пікір айтып, жауап таба алмай, ел тек Президенттен шешім күтіп жүрген еді.

Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын өзі ұсына отырып, ең алдымен, оны өзі ұстанатынын айтты. Халық көкейіндегі шешімін таппай жүрген көптеген мәселелерге нақты жауаптар беріп, өзінің реакциясы мен қазақстандықтарды алаңдатқан барлық пікірлерге деген көзқарасын нақты түсіндіріп отырды.

Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу нәтижелері бүкіл ел үшін маңызды болып отырғаны белгілі. «Елімізді алаңдатқан геосаяси үрдістерді барынша қадағалап, жіті назарда ұстаймыз»,-деп, ол халықтың қорқынышын сейілтіп, келешекке жаңа серпін берді.

Ел көңіліндегі сенімсіздік тудырып жүрген барлық түйткілді сұрақтардың барлығы да сұхбат барысында қамтылып, соңғы уақыттағы ақпараттық алаңда көтерілген бірде-бір мәселе назардан тыс қалған жоқ. Оның үстіне толық әрі нақты жауаптар берілуде.

Бұл – нағыз бүгінгі қоғамға қажет нәрсе.

Бұл — «Халық үнін еститін мемлекет» қағидатының нағыз үлгісі. Мемлекет басшысы Тәуелсіздігіміздің мәңгі болу жолында «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлік пен сенімділік, адал еңбектің арқасында ел іргесін бекітіп, ел мұратын әрдайым биік қоятынын баса айтты, салиқалы пікірін білдірді.

«Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, бұл – Қазақстан. Бұл – біздің қасиетті Отанымыз»,- деді ол. Осыдан артық не сөз керек?

Біз Президентті қолдаймыз!

SENIM Денсаулық сақтау жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Гүлмайра Момбекова