«ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сәйкес «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ ұйымдастыруымен  «Бақытты отбасы — бақытты ел», «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау – ардың ісі» тақырыптарында атты дөңгелек үстел шаралары өткізілді.
Дөңгелек үстелде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің өздерінің құқықтық білімін арттыру туралы талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Акция аясында қатысушылар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан бос болашақ үшін қозғалыспен өз ынтымақтастығын білдіру үшін қызғылт сары түсті киім киіп және шара өтетін орынды осы түске сәйкес безендірілді.
Дереккөз