Пульмонология — тыныс алу жолдарының ауруларын емдеумен айналысатын медицина саласы.

Пульмонологтардың жұмысы оңай емес, өйткені бұл аурудың өкпеге үлкен зиян тигізетіні белгілі. Себебі, көбіне пациенттер дәрігерлерге уақытында жүгінбей, аурудың дамыған сатыларымен және олардың асқынуларымен дертті асқындырып алып, бірқатар қиындықтарға тап болып жатады.

Пневмония, өкпе эмфиземасы, бронхоэктатикалық өкпе ауруы – бұл пульмонологтар күресетін аурулардың аз ғана тізімі.

Пульмонолог күнінің басты міндеттерінің бірі-өкпе ауруларына назар аудару және тыныс алу проблемалары туындаған жағдайда үнемі тексерудің, тез жауап берудің маңыздылығын көрсету. Өйткені, өкпе аурулары, мысалы, ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы), тыныс жолдарының инфекциясы, өкпе қатерлі ісігі бүкіл әлемде өлімнің алғашқы бесеуінде қалады.

17 мамырда тыныс алу жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеуге мамандандырылған пульмонолог дәрігерлер кәсіби мерекені атап өтеді.

Пандемия кезінде пульмонологтар өздерін “жауынгерлік постта” ұстап, әр науқас үшін COVID– 19 коронавирустық инфекциясымен қиын шайқаста күресті.

Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Пульмонологтар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күні саналы ғұмырын адам денсаулығына қызмет етуге арнаған барша жанға құрмет білдіріп, алғыс айтқым келеді.

Баршаңызға ісіңзге табыс, деніңізге саулық, бақыт, өркендеу және шат-шадыман көңіл-күй тілеймін.

Ізгі тілекпен,
SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы