ҚР Кәсіподақтар күніне орай Батыс Қазақстан облысында шағын футболдан жарыс өтті.

2019 жылдың 28 қыркүйегі күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Чапаев ауылында ҚР Кәсіподақтар күніне орай «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының мүшелерінің арасында медицина қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Жарысқа облысымыздың 11 командасы қатысты. Жарыстын мақсаты медицина қызметкерлері арасында шағын футбол спорт турін дамыту, мекеме және ұжымдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл және аудан тұрғындарын спортпен шұғылдануға тарту және денсаулықтарын нығайту.

Шағын футболдан 1 жүлделі орын — Орал қаласының көпбейінді ауруханасы, 2 орын — Ақжайық аудандық ауруханасы, 3 орын —  Қаратөбе аудандық ауруханасы ұтып алды. Жеңімпаздар кубок, медаль және дипломдармен марапатталды, аталымдар бойынша «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» жеке ойыншыларға табысталды.

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының атынан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен марапатталды.

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының төрағасы М. Кусаинов ҚР Кәсіподақтар күні мерекесі аясында және Денсаулық сақтау саласына және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатпен Ақжайық аудандық ауруханасының директоры Хайрушев Дархан Манарбекович, кәсіподақ комитетінің төрайымы Махметова Лариса Маратовна, Жастар Кеңесінің белсенді мүшесі Беляков Еркебулан Болатович марапатталды.