ӘРІПТЕСІМІЗ — ЖЫЛ ҮЗДГІ

«SENIM» денсааулық сақтау жүйесі жұмыскерлері кәсіптік одағы» РҚБ Атыраау облыстық филиалы атынан №2 Атырау облыстық ауруханасының дәрігер анестезиолог-реаниматологы Елеуов Дәулен Халидоллаұлын адам жаны үшін арашаға түсу ісіндегі мол кәсіби шеберлігімен «Жыл адамын» байқауында «Үздік дәрігер» атағына ие болуымен шын жүректен құттықтаймын!1993 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін Ақтөбе медицина институтына «Педиатрия» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1999 жылы дәрігер – педиатр біліктілігін алып шыққан ол өзінің еңбек жолын №2 қалалық балалар ауруханасында дәрігер анестезиолог-реаниматолог болып бастаған-ды. Бүгінде Дәулен Халидоллаұлы талай адамды ажал тырнағынан құтқарып, өмірге қайта оралтуға себепкер болды. Халықтың ақ алғысы мен ризашылығына бөленген Жылдың үздік дәрігеріне Жаңа жылда да биік белестер иенн толымды табыстар тілейміз!

Майра Кашкенова

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ-і Атырау облыстық филиалының төрағасы