Әрбір өркениетті мемлекеттегі аса маңызды саланың бірі – медицина саласы. Себебі, мемлекеттің басты байлығы саналатын халықтың денсаулығы – оның толыққанды ел екендігінің де басты көрсеткіші.
Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергиясының ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді.
Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешуге тырысып баққан. Ол – терең білім, ауру адамды оның проблемаларын сабырлы, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол таба білуі. Бұл – дәрігердің бірбеткейл
ігін, шынайылығын, мейірімділігін, табиғи сыпайылығын, барлық адамгершілік көрінісін ашатын жеке тартымдылыығы.
Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат көзделеді, ол – ауру адамның игілігі үшін екен.
Кез-келген пациентке психологиялық әсер ете білу— дәрігер беделін көрсететін ұлы қасиеттердің бірі. Бұл әсер тартымдылықпен, аурудың тағдырына шынайы қызығушылықпен, жақсы қарым – қатынаспен, сабырлылықпен, аурудың сауығуы үшін үздіксіз онымен кездесуге ұмтылумен қамтамасыз етіледі.
Бір ғана дәрігердің ауру адамды қарап, емдеуінің маңыздылығын баса айтқан белгілі дәрігер Х.В.Гуфеляндтің ( 1762 — 1836) сөздерінің мағынасы өте зор. Ол былай деп жазған: «Бір дәрігер – жақсы, екеуі – орташа, үшеуі – сұмдық. Көп дәрігердің бір ауру адамды емдеуі көбінесе аурудың өршуіне әкеледі». Дәрігердің ауру адамға көмегі тек оның толық сауығуына шейін емдегенде ғана толыққанды бола алады. Дәрігердің қарапайымдылығы — оның ең қажетті қасиеттердің бірі. Медицина көптеген керемет жетістіктерге жетті. Дегенмен, қазіргі кездің өзінде де біздің білгенімізден білмейтініміз көп: біз қолымыздан келіп, қанша тырысып, соған жеткіміз келсе де, көбінесе ауру адамға толыққанды көмек көрсете алмай жатамыз аурудың түрлері мен емдеу жолдары туралы біліміміздің жетіспейтіндігін мойындау — өзіңді кінәлау үшін емес, ол өзіңді-өзің тәрбиелеудегі, біліміңді жетілдірудегі басты қағида болуы шарт.
Белгілі дәрігер Абу Али Ибн Сина (Авиценна) адам шығармашылығының қорытындысын былайша белгілеген: « Мы умираем и с собой уносим лишь одно: сознание, что мы ничего не узнали».
Дәрігердің өмірі – бұл ешқандай бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті — өмір бойы қоғам үшін оқу» — деген екен беделді клиницист А.А.Остроумов ( 1844 — 1908). Дәрігердің оптимизмі саналы болуы қажет және ол бірінші кезекте терең білім мен мол тәжірибеге сүйену керек.
Кез- келген жақсы дәрігердің басты қасиеттері — әрқашан қарапайымдылық пернесін жамылуы тиіс, олар өзін — өзі жарнамалауды қажет етпейді. Адамға өмір бір ғана рет беріледі. Ал, оның қауіпсіздігіне кепілдік беретін – тек дәрігерлер. Сондықтан біздерге білікті де білгір, мейірімді де иманды әрі ізгі болу – шарттылық. Адамды жылы сөзбен емдейтин, кедей -бай деп бөлмейтін, ауырып жаткан адамнан жерінбейтін адам ғана дәрігер болуы керек. Дәрігер мамандығын таңдар кезде адам осыны алдын-ала біліп, арнайы дайындықпен келгені жөн. Кез-келген көшедегі адам ақ халатты абзал жанға айнала бермейді. Сондықтан, құрметтейік дәрігерлерді!
###мен өз мамандығыммен мақтанамын#
#дәрігер мамандығы#