Құрметті денсаулық сақтау саласының ардагерлері! Қадірменді қариялар!

Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Аға буынның тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді.

Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген өшпес ерік-жігердің үлгісісіздер!

Сіздер әрқашан құрметке лайықсыздар. Барлық уақытта адамзат үшін қарттардың даналығы жастар үшін баға жетпес байлық болып табылады.

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне, ұлт саулығын қалыптастыру мен сақтауға қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

Құрметті аға ұрпақ өкілдері! Осынау айтулы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және белсенді ұзақ ғұмыр тілеймін.