Құрметті кәсіподақ мүшелері мен төраға, төрайымдары!

Бүгінде денсаулық сақтау қызметкерлерінің «SENIM” кәсіподағындағылар басшылық пен ұжым арасындағы Алтын көпір қызметін атқаруда.

Сіздер кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғап, еңбек қауіпсіздігін сақтауда игі жұмыстарға бастамашы болып отырсыздар.

Ұжымдағы әр адамның лайықты көмек пен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етуде елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.

Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз әріптестеріміздің өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Қайырымдылық қағидаттарына негізделген ізгі дәстүрлеріңіз жүйелі жалғасын таба берсін.

Береке мен бірлікке бағытталған кәсіподақ бастамалары нәтижелі болсын.

Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!

Мәртебелеріңіз биіктеп, ел алдында құрметке бөлене беріңіздер.

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін!