Құрметті әріптестер!

Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалып, егеменді ел ретінде әлемге танылған қасиетті мейрам.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып, халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету жолында үлкен жетістіктерге жетті. Бұл табыстардың негізінде мемлекеттің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің берік тұғыры жатыр.

Сіздердің адал еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз және өз ісіңізге деген зор жауапкершілігіңіз осы жетістіктерге жетуге үлкен үлес қосты. Әрбір ақ халатты абзал жан – халық денсаулығының сақшысы, мемлекетіміздің басты байлығы – азаматтардың саулығы үшін күрескер.

Осы қасиетті мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбітшілік тілеймін.

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Ізгі ниетпен, “SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы