Құрметті әріптестер!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.

Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан.

Сондықтан, бұл күн — айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі.

Сондай-ақ, бұл — өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникааралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.

Олай болса, мейрамымыз құтты болсын!

Жақындарымызға жақсылық жасап, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік!

Елімізден ырыс-ынтымақ кетпесін!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыстар тілеймін!