Құрметті әріптестер! Қадірменді сала ардагерлері!

Сіздерді еліміздің әр азаматы үшін айтулы – Республика күнімен құттықтаймын.

Қазақстан атты ұлы Отанымыздың игілігі мен өркендеуі үшін аянбай қызмет етіп, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің ғұмырлы болуы үшін күш-жігерлеріңізді салып, Отанымыздың жарқын болашағы жолында еңбек етіп жатқан барша Қазақстандықтарды осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, еліміз өркендеп, жайнап, ынтымақ-бірлігіміз ажырамасын деген ізгі тілегімді жеткіземін.

Осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі мен ұлт саулығын қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Мереке құтты болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!