Құрметті әріптестер, ардагерлер мен достар!

Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймын!

Осыдан бірнеше жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі негізін қалады.

Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын басты құжат.

Уақыт сынынан сүрінбеген Ата Заңымыз бүгінде азаматтардың өзара бітімде өмір сүруіне жағдай туғызып отыр.

Конституцияның негізгі тірегі – халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.

Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституция экономикалық өрлеу мен азаматтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз етіп келеді. Ата Заңда көрсетілген қағидалардың салтанат құруы — бұл ішкі тұрақтылықтың кепілі. Заңдылықты бұлжытпай орындау, сақтай білу жауапкершілігі арқылы біз еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз.

Ата Заңымыз – әділет пен тең құқықтың өлшемі. Сондықтан әрбір азамат өзін мемлекет міндетті түрде қорғай алатынын нық сезінеді, азаматтардың бостандығына нақты кепілдік беретініне кәміл сенеді. Біз құқықтық, зайырлы мемлекетте өмір сүріп отырғанымызға қуанамыз! Біз Қазақстанымызбен мақтанамыз!

Қымбатты да қадірменді достар!

Баршаңызды Ата Заңымыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ата Заңымыздың мәртебесі жоғарылай берсін! Әр шаңырақта бақ-береке, ынтымақ пен татулық, қуаныш пен бақыт орын алсын!

Өздеріңізге деген ізгі ниетпен:

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы

Момбекова Гүлмайра Асанқызы