Құрметті әріптестер мен ардагерлер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Туған Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру үшін Сіздерге зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, мол бақыт, еңбектеріңізге жеміс, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін.

Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Мереке құтты болсын!

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы