Бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі.
Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.
Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету бізге басты парыз.
Медициналық білімнің деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың денсаулығын сақтау және кәсіподақ істерінің белсенділігін арттыру жүмыстын – «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалының негізгі бағыттары.
Қариялар — халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз. «Қарты бар елдің қазынасы бар», – деген жақсы мақал бар. Сондықтан, біз қай кезде болсын ардагерлерімізді ардақ тұтамыз, оларды қамқорлыққа алуды өзіміздің перзенттік парызымыз деп білеміз.
Халықаралық қарттар күніне орай, «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы, бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен қосылып, денсаулық сақтау саласының ардагерлер ұйымымен бірлесе отырып, денсаулық сақтау саласында еңбек жасаған 1380 ардагерлеріне 4 140 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті, оның үшінде азық түлік жиынтықтары мен ақшалай сыйлықтар бар.
«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы медицина саласының ардагерлерін 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріне саулық, күш — жігер, баянды бақыт тілейді. Әрдайым жарқын, шуақты да мерейлі күндеріңіз көп болсын!