«SENIM» атаулы стипендиясының лауреаттары.

2023 жылдың 24 қазанында «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС — де «Республика күніне» арналған мерекелік іс-шараға орайластырып, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы М.К. Кусаинов «SENIM» атаулы шәкіртақысының «Үздік оқуы және кәсіподақта адал жұмысы үшін» сертификаттарын табыс етті.

«SENIM» стипендиялары «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы «РҚБ атаулы стипендиясы туралы Ережеге сәйкес жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне және арнаулы орта медициналық оқу орындарының оқушыларына кәсіподақтағы үздік оқуы мен адал жұмысы және оқу орнының қоғамдық өміріне қатысқаны үшін беріледі.

«SENIM» атаулы стипендиясын тағайындауға үміткерлер мынадай шарттарға сай болуы тиіс:

1. Оқу жылындағы және емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тамаша үлгерім.

2. Қоғамдық жұмыстарға және кәсіподақ ұйымының қызметіне, кәсіподақ өткізетін іс-шараларға белсенді қатысу.

3. Студенттік ғылыми қоғамның жұмысына, түрлі конкурстарға қатысу, өнертапқыштық, рационализация.

4. Салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану. Сауықтыру, мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу.

5. Мемлекеттік және шет тілдерін білу немесе оларды қарқынды зерделеу.

6. Оқу орнының, жатақхананың тәртіптілігі, ішкі тәртіп нормалары мен ережелерін сақтау.

«SENIM» атаулы стипендиялары «Гигиена және эпидемиология» мамандығының 2 курс студенті Сисенғалиев А.М. және «Акушерлік ісі» мамандығының 2 курс студенті Асылбекова К.А. табысталды.

Сонымен қатар, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы М.К. Кусаинов жастар жөніндегі инспектор А.М. Тілегенге және 22 мейірбике ісінің студенті А. Р. Ислямгалиеваға қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттар табыс етті.