«Senim» Атырау облыстық филиалы Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы Сіздерді ең қымбатты, мәртебелі мереке, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылатын 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды. Ұлы Жеңіс – батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді, аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек. Адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн екені белгілі.

«Отан үшін отқа түс, күймейсің», – деген Бауыржан Момышұлы. Ардагерлеріміздің ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктерін ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі. Егемен елі барда ерлер есімі ешқашанда өшпейді. Бастысы миллиондаған адамдардың қаны төгілген сұмдық замандар елімізде, бүкіл дүние жүзінде енді қайталанбасын деп тілеуміз қажет.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері – біздің мақтанышымыз! 9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы. Біздің парызымыз – бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау!

Осынау, Ұлы жеңіс күні – Сіздерге зор денсаулық, ұрпақтарыңызға жарқын болашақ, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілейді.