SENIM БҚО филиалы төрағасы алғыс білдіріп төсбелгілерді табыс етті

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалы төрағасы М.Кусаинов «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» төрағасы С.Дюсеноватынан ҚР кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шараға жұмысқа байланысты қатыса алмаған кәсіподақ белсенділеріне Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№2 қалалық емхана» МКК, директордың медицина жөніндегі орынбасары Дармаганбетова А.С. және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК, пациентті қолдау қызметі, ішкі бақылау және медициналық статистика бөлімінің меңгерушісі Сергалиева Г.Х. алғыс білдіріп төсбелгілерді табыс етті.