«SENIM» БҚО филиалының заңгері мен мамандары Медиаторлармен кездесуге қатысты.

Кәсіподақ ұжымдарындағы еңбек дауларын алдын алу мақсатында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының заңгері мен мамандары Медиаторлармен кездесуге қатысты.

20 қыркүйек күні  «Халықаралық құқық қорғау орталығы»  БҚО филиалының төрайымы Зауре Шатиковамен  облыстың салалық кәсіподақтарының заңгерлері мен мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге БҚО әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ кабинет меңгерушісі, БҚО медиаторлар одағының төрағасы Рахишева Алуа Ғилманқызы шақырылды. Сонымен қатар кездесуге ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының заңгері мен мамандары қатысты. А.Рахишева кәсіподақ мамандарына медиация жөнінде түсіндірме жүргізіп, медиаторлардың жұмысымен таныстырды, сонымен қатар тараптар бірігіп жұмыс жасау, тәжірибе алмасу бағытында пікір алмасып, алдағы іс-шараларды жоспарлап, міндет, мақсаттарын айқындады. Кездесу қорытындысы бойынша медиация жұмысын насихаттау мақсатында кәсіподақ ұжымдарымен кездесулер өткізу белгіленді.