«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы көп балалы отбасыны қолдады

Өнерлі, үлгілі отбасының ата-аналары Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанова 21 баланың ата-анасы. Өзінің 3 баласы және бұдан бөлек 18 жетім бала әке жылуын сезініп, ана мейіріміне бөленіп, тәлім-тәрбие алуда.

Патронаттық тәрбиеге алған балаларының алды 23-те болса, ең кішісі бес жаста.

Жетесовтердің «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі 2004 жылы Облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылып. 2012 жылы отбасылық ансамбльге «халықтық» атағы берілген.

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы көп балалы отбасыны қолдау негізінде, күнделікті азық түлікпен қаржылай көмек көрсетті.

Сонымен қоса,  балаларға қажетті медициналық көмек пен дәрі-дәрмектің  қол жетімді болатыны, дәріханалардан дәрі-дәрмекті жеілдіктермен алынатынын және қоғамдық көлікпен жол жүру кезінде жеңілдіктер мәселесін «Автопарк» ЖШС-не хат жоланатыны туралы айтылды.