«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы ұйымдастыруымен 8 қазан 2021 жылы Марат Оспанов атындағы БҚМУ бас ғимараты, Ғылыми кеңес залындаҚазақстан Кәсіподақтар күніне арналғансалтанатты жиналыс өттікізді.

Мерекелік шараға барлық «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚҚ Ақтөбе облысы филиалының кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, денсаулық сақтау саласы мекемелерінің бас дәрігерлері, кәсіподақ саласындағы қызметке еңбегі сіңген ардагерлер шақырылды.

Сондай-ақ салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Елеусинова Бүл Бүл Ораковна, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Исаев Рустем Канапиевич, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшысы Уразмагамбетов Алтай Узакбаевич, Медициналық және фармацевтикалық комитеті бақылау департаментінің басшысы Латыпова Алия Мухтаровна жергілікті билік өкілдері қатысты.

Жыл сайын қазан айының 10 жұлдызында Қазақстан Кәсіподақтар күні атап өтіледі. Оны мерекелеу Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысымен белгіленген.

Қазақстан Кәсіподақтар күнін мерекелеуге байланысты медицина қызметкерлерін келесі номинациялар бойынша марапатталды:

— Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің шешімімен 2021 жыл «Үздік Бастауыш кәсіподақ ұйымы 2021 жыл» – деп жарияланды.

«ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – 2021» республикалық байқауының жүлдегері «КӘСІПОДАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН»

250 000 (екі жүз елу мың) тенге СЕРТИФИКАТЫ – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университеті бастауыш кәсіподақ ұйымы;

Қазақстан Кәсіподақтар күніне орай, Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-қуатын жақсартуға  бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметі, кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жеке үлесі және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестікті дамытқан үшін 3 медицина қызметкерлерін«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ҮЗДІГІ төс белгісі табысталды.

14 кәсіподақ мүшелері «SENIM»Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет» грамотасымен және Алғыс хатымен, Ақтөбе облысы Кәсіподақ орталығының атынан 15бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы «Құрмет» грамотасымен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына 30 жыл 1 мерейтойлық грамотамен марапатталды.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ ҮЗДІГІ 3 төс белгісі, 7«Алғыс Хат », 7 «Құрмет Грамотасы» және 15 медицина қызметкерлеріне «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалынан «Алғыс хат»табысталды.

— ««SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы, Қәсіподақтар күні кәсіби мерекесіне ұштастырылған «Сау дәрігер – сау пациент!» ұранымен медицина қызметкерлерінің СПАРТАКИАДАСЫНДА (волейбол) (команда капитандары), бойынша медицина қызметкерлері арасындағы жеңімпаздарына;

І орын алған үшін — Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Университеті , сертификат 50 000 (елу мың) теңге

ІІ орын алған үшін — № 3 Қалалық емханасы сертификат 40 000 (қырық мың) теңге

ІІІ орын алған үшін — № 1 Қалалық емханасы сертификат 30 000 (отыз мың) теңге

• «ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЕРІК ҮШІН» алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды

• №6 Қалалықемханасы

• Облыстықперинаталдықорталығы

• «ТТ и К» ЖШС

Салтанатты шарада жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен, сондай-ақ «Белсенді қатысқаны үшін» номинацияларымен марапатталды.

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалыҚазақстан Кәсіподақтары күнімен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш — жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, әрдайым жарқын, шуақты да мерейлі күндеріңіз көп болсын деп тілейміз!