«SENIM» кәсіподағы жас мамандарды әлеуметтік қолдауға

2019 жылдың 29 мамырында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Қ. Сабыр мен үш жас маман Қазақстан-Ақтөбе телеарнасының «Қайырлы тан Ақтөбе» бағдарламасында қонақта болды. Бағдарлама тікелей эфирде өтті. Эфир барысында 2019 жыл 27 және 28 ақпаны аралығында Атырау қаласында «Белсенді жастармен – Жарқын болашаққа» атты Батыс өңірлік еңбек жастарының форумы өтті. Ақтөбе облыстық филиалынан 30 делегат қатысты.

Аталған форумда «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі кәсіптік қызметтегі жоғарғы көрсеткіштері үшін жас дәрігерлерге баспана алу үшін 500 000 теңге көлемінде сертификаттарды төменде көрсетілген мамандарға табыс етті:

  1. Қабиев Әуез Біржанұлы,  Ембі аудандық ауруханасының хирург дәрігері,
  2. Айматов Мират Төлегенұлы, Мұғалжар ауданы, Сағашилі дәрігерлік амбулаторияның жалпы тәжірибелік дәрігері,
  3. Майланов Айболат Кобланұлы, Медициналық жедел жәрдем ауруханасының анестезиолог-  реаниматолог дәрігері,
  4. Алибаева Арай Алимжановна, Ақтөбе медицина орталығының балалар стационарының неврологог дәрігері.

Сонымен қоса, 2019 жылғы 16 және 17 мамыр аралығында Қарағанды қаласында «Жастар-сеніммен серпін» еңбек жастарының республикалық форумы өтті. Ақтөбе облыстық филиалынан 7 делегат қатысты.

Форумда  Орталық аппарат және облыстық филиал қаражаттары есебінен тұрғын үй алу үшін алғашқы 20%-дық жарнасын құрайтын 5 Тұрғын үй сертификаты төмендегідей мамандарға табысталды:

Юсупова Саламат Ахметбековна, М.Оспанов атындағы БҚМУ МО функционалдық диагностика дәрігері – 1 713 130 теңге;

  1. Самалбекқызы Гауһар, Ойыл аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог дәрігері – 1 000 400 теңге;
  2.  Гумарова Асель Абаевна,  Облыстық перинаталды орталығының неонотолог дәрігері — 976 400 теңге;
  3. Бисенгалиева Жанар Мухитовна,  Қарғалы аудандық орталық ауруханасының Степное ауылының дәрігерлік амбулаториясының терапевт дәрігері – 614 000 теңге;
  4. Орын Назгүл Тұрақтықызы, Ырғыз аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог дәрігері  — 400 195 теңге көлемінде көмек көрсетілгендігі туралы айтылды.