СЪЕЗД ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСУДА

Бүгін Астанада «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2-ші съезі өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев және бірқатар салалық кәсіптік одақтардың төрағалары қатысуда.

Съездің күн тәртібіне сәйкес, республикалық қоғамдық бірлестіктің 2018-2022 жылдар аралығындағы қызметінің қорытындылары туралы ҚРБ төрағасы Сапарбек Дүйсенов баяндама жасады. Бақылау-тексеру комиссиясының есебі тыңдалды.

Съезд делегаттары салалық кәсіподақтың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сондай-ақ, Орталық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Аталған форум жұмысына бөлінген квота бойынша біздің «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрағасы Майра Кашкенова бастаған делегация құрамында 12 бастауыш ұйым төрағасы мен кәсіподақ белсенділері бар делегаттар қатысуда.

Съезде әріптесіміз, облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сафура Тнәлиева салалық кәсіподақтың «Үздігі» төсбелгісімен марапатталды.