ШАХМАТ ТУРНИРІ

2021 жылдың 6 желтоқсанында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалыҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахматтан турнир өткізді.Бұл шараның мақсаты – халық арасында салауаттыөмір салтын насихаттау, зияткерлік спорттың біріретінде шахмат ойынын дамыту және кеңінен насихаттау.

Турнирге «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының кәсіподақ мүшелері қатысты.

Турнир айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Турнир жеңімпаздары барлық партияларда жинаған ең көп ұпай саны бойынша анықталды. Турнирдің төрешісі ретінде спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері, ФИДЕ нормасы бойынша 1 санатты төреші — Иланбекова Нұргүл Нұғымашқызы төрелік етті.

Шахмат тақталарында облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 10 қатысушы тартысты бәсекеге түсті.

Турнир қорытындысы бойынша:

I орын және 100 000 теңге сомасындағы сертификатқа ие болған — Әшірбеков Асылбек Қыдырбекұлы, Жуалы аудандық орталық ауруханасының хирургі;

II орын мен 70 000 теңге сомасындағы сертификатқа ие болған — Шаюнусов Олег Халилович, Қалалық көп бейінді аурухананың травматологиялық пунктінің меңгерушісі;

III орынды және 50 000 теңге сомасындағы сертификатқа ие болған — Пак Сергей Климентьевич, Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігері.

Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар республикалық турнирге жіберілетін болады. Барлық жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және табыс тілейміз!