«SENIM» КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ШАХМАТ ТУРНИРІ

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы жыл сайын шахматтан турнир өткізді.

Турнирге Қарағанды облысының барлық өңірлерінен 16 әуесқой шахматшы қатысты .

Бұл турнирдің мақсаты Қарағанды облысында шахмат ойынын дамыту және насихаттау, «SENIM» кәсіподақ мүшелері арасында үздік шахматшыларды анықтау болып табылады.

Жарыс шахмат кодексінің ережелері бойынша өткізілді және оны бас төреші шахматтан спорт шеберінің кандидаты Аман Жанғожин бағалады. Турнир басталар алдында бас төреші қатысушыларды жарыстың тәртібі мен ережелерімен таныстырды.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын-Ержан Әбдіқалиев «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК, номиналы 100.000 теңге ақшалай сертификаты бар;

2 орын — Сергей Хильчук «Саран қаласының ауруханасы» ШЖҚ КМК, номиналы 70.000 теңге болатын ақшалай сертификаты бар;

3 орын-Исламбек Душабаев «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК, ақшалай сертификаты номиналы 50.000 теңге.

Шахмат турнирінің барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.