Білімі: Жоғары-медициналық
Жұмыс орны: №1 қалалық емхана
Лауазымы: №1 Әйелдерге кеңес беру бөлімшесінің меңгерушісі, ана мен бала ісі жөніндегі директордың орынбасары.
Жұмыс өтілі: 31 жыл
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы: 20 жыл.
Атырау №1 қалалық емхананың қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы өз қызметін «Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы және «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге сәйкес жасалды.
Кәсіподақ жұмысы өз мүшелерінің еріктілігі, тең құқылығы және белсенділігі бағытындағы қағидаларға негізделеді. Кәсіподақ қызметі ашық негізде жүзеге асырылады, қызметкерлердің еңбек жағдайын анықтауға қатысу, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау — кәсіподақтың негізгі міндеті болып табылады. Олардың қатарында, еңбекті нормалау, еңбекақы төлеу шарттарын анықтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында ұжымдық келісім-шарт жасау, қазметкерлердің еңбек жағдайын анықтау мәселелері бойынша жұмыс берушінің актілерін қабылдау үдерісіне қатысу, еңбек дауларын (келіспеушіліктерді) Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес шешуге қатысу, кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстарын, сұрақтарын қарастыру, оларға құқықтық, материалдық және басқа да қаржылық көмек көрсету болып табылады.
Кәсіподақ өз мүшелерінің құқықтық мәртебесін, қызмет бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметегі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен тәжірибедегі жетістіктерін, ескеріп азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеу негізінде тұлғаның кәсіби тұрғыда қалыптасуын өз міндетіне алады. Осы мәселеде, кәсіптік одаққа бірігуге негіз болатын кәсіби мүдделілік қағидасы басшылыққа алына отырып, кәсіподақ университетіміздің деңгейінде өткізілетін басым көпшілік іс-шараларға жігерлі түрде қатысады.
Ұйымның кәсіподақ төрағасы, мүшелерімен қатар, басқа да қызметкерлердің әлеуметтік-кәсіби мүдделерін көздейді және жұмыс беруші алдында білдіреді. Кәсіподақ, Еңбек кодексінің 19 және 20-баптарына сәйкес, өз өкілеттіліктері шегінде қызмет атқаратын еңбек құқығының субъектісі, өкілді орган болып табылады. Қоғамдық бірлестіктің атқарушы органы ретінде кәсіподақ комитеті аурухана қызметкерлерінің оқу үдерісі, ғылыми- өндірістік қызметі және әлеуметтік саясатының жалпы мақсаттарын жүзеге асыру үшін өз жауапкершілігін мойындайды. Сондай-ақ, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамсыз етуде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі нормаларының, еңбекті қорғау жөніндегі ереже мен регламенттердің сақталуына, ұжым мүшелерінің шығармашылық белсенділігі мен еңбек тиімділігін арттыруына ықпал етеді.