ШЫНАЙЫ РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Наурыз мейрамы ұлттық береке-бірліктің, татулықтың, жаңа күннің символы. Өткен тарихтан сыр шертіп, жаңа күннің бастамасы болып саналады. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалында Наурыз мейрамында қызметімен көпке қадірлі болып жүрген денсаулық сақтау саласының қатардағы қарапайым қызметкерлерінің еңбегін ескеру дәстүрі де қалыптасқан.

Жаңа жыл қарсаңында өткен мерекелік шарада филиал төрағасы орта буын медицина қызметкерлеріне 33 кәсіподақ мүшелеріне, әрқайсысы 25 мың теңгелік азық-түлік сертификаттарын және 16 қызметкерге 100 мың теңгелік біржолғы әлеуметтік қолдау сертификаттарын табыс етіп, бір қуантып тастады.

Қуаныш иелері Ұлыстың ұлы мейрамы қарсаңында кәсіподақ тарапынан өздеріне көрсетілген осындай қолдау-көмектері үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.