КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ-ЖАНЖАЛДЫ СОТҚА ДЕЙІН ЖӘНЕ СОТТАН ТЫС РЕТТЕУ

16 шілде күні «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ бірлесіп «Еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алу. Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасындағы кәсіподақ қозғалысының тартымдылық деңгейі туралы» семинар өткізілді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 159-бабының 8-тармағына сәйкес келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, еңбек дауларында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайынғы оқытудан өтуге міндетті».

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, ҚРКФ оқыту, зерттеу және жанжалдарды шешу орталығы директорының орынбасары Ләззат Есжанова семинар дәріскері болды.

Семинарға Қарағанды облысының 56 медициналық ұйымының 130 адам санымен келісу комиссиясының мүшелері қатысты.

Блиц-сауалнама барысында семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, пікірлерімен алмасты және жанжалды жағдайларды шешу тәжірибесімен бөлісті.

Сұлтан Медеубаев, «SENIМ»кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіподақ қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша оқыту семинарлары жалғастырылғанын атап өтті.

Семинардың барлық қатысушыларына игерілген тақырыптар бойынша әдістемелік құралдар және келісім комиссиясының мүшелеріне сертификаттар жіберіледі.

#kasipodaqkz
#БКҰ21
#ҚРКФ
#Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы
#30ЕЕ