Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері ревакцинацияланды

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері QazVac вакцинасымен ревакциянацияланды. Мекеме қызметкерлері 1 және 2-этапты толығымен қабылдаған. Қазақстанда 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап қолданылып келе жатқан QazVac -ты салғызған 30-дан астам адамнан құралатын мекеме ұжымы тікелей емдеу орындарымен қоян-қолтық, бірге жұмыс жасайтын болғандықтан, ауырғаннан — ауырмаудың алдын-алуды жөн көреді. Екпенің 3-кезеңін де өз уақытында қабылдаған басқарма басқаларға үлгі көрсетіп, індеттің алдын-алуға шақырады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында бүгінде 42863 адам ревакцинациядан өткен.