2021 жылдың 16 желтоқсанында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалыҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған спорттық бильярдтан турнир өткізді. Турнирге Жамбыл облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 23 мүшесі қатысты.
Бильярд турнирін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалы төрайымы Момбекова Гүлмайра Асанқызы ашты. Ол турнир қатысушыларын Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихындағы айтулы күн — Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, кәсіподақтың Жамбыл облыстық филиалы салауатты өмір салтын дамытуға және кәсіподақ мүшелері арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттауға көп көңіл бөлетінін атап өтті. Гүлмайра Асанқызы қатысушыларға жеңіс тілеп, турнирді салауатты бәсекелестік атмосферада өткізуді тіледі.
Турнир қолданыстағы спорттық бильярд ережелеріне сәйкес және олимпиада жүйесі бойынша өткізілді. Әр кездесу екі жеңіске дейін, финалдық кездесу үш жеңіске дейін өтті.
Ойын жұптарын құру тәртібі тордағы бәсекені көрсетумен жеребе арқылы анықталды. Турнирдің бас төрешісі- Юн Игорь Валентинович болды.
Бильярд үстелдерінде облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 23 қатысушы тартысты күреске түсті.
Турнир қорытындысы бойынша:
I орын және 100 000 теңге сомасындағы сертификатқа ие болған — Құрбанходжаев А. Т. — Талас аудандық орталық ауруханасының Тамды ДАаға дәрігері.
II орын мен 70 000 теңге сомасындағы сертификатқа ие болған-Қалалық көп бейіндіауруханасының рентгенолог дәрігері Рахимов А.Т.;
Екі III орынды және 30 000 теңге сомасындағы сертификатты – Байзақ аудандық орталық ауруханасының хирургі Тілепалдиев Г.М. және Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының ангиохирургі Аманов М. жеңіп алды.
Турнир қорытындысы бойынша келесіноминациялар жеңімпаздары анықталды:
«Үздік ойыншы» номинациясы және 10 000 теңге сомасындағы сертификат — Т. Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының хирургі Т.И.Найманбаевқа табыс етілді.
«Ойын ардагері» номинациясы және 10 000 теңге сомасындағы сертификат Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығының рентгенологы А.К.Лиға берілді.
«Көрермендер көзайымы» номинациясы және 10 000 теңге сомасындағы сертификат Байзақ аудандық орталық ауруханасының ЖТД дәрігері Н. Сейсенбайұлына табыс еілді.
Барлық жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және табыс тілейміз!