Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік шара.

10.10.2019 күні Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға БҚО әкімі орынбасары Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, БҚО Кәсіподақтар орталығының төрайымы Есекенова А.О., ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы Кусаинов Махамбет Какимұлы және салалық кәсіподақтар, медициналық ұйым басшылары мен кәсіподақ комитетінің белсенділері қатысты.

Салтанатты жиын барысында Батыс Қазақстан облыс әкімінін орынбасары Егизбаев Серік Рахметоллаұлы барша қауымды Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтап, облысымыздың кәсіподақ қозғалысының жетістіктерін атап, БҚО әкімі Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы атынан Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне, жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы тиімді серіктестіктің нәтижесінде қол жеткізілетін қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан зор үлесіңіз үшін Алғыс хатпен Орал қаласының Көп бейінді қалалық ауруханасының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі директордың орынбасары Ташкенбаев Бахтияр Шарықтайұлы марапатталды.

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы Кусаинов Махамбет Какимұлы Қазақстанның кәсіподақ қозғалысының өкілдерін ҚР Кәсіподақтар күнімен құттықтап ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы Дүйсенов Сапарбек Серікұлы атынан Кәсіподақтық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін және Қазақтан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай Құрмет грамоталарымен кәсіподақ белсенділері марапатталды.

Кусаинов Махамбет Какимұлы Қазақтан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының номиналдық құны 250 000 теңге құрайтын қайырымдылық Сертификаттармен облысымыздың келесі медициналық қызметкерлерiне табыстады: Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің зертханашысы Мурзалиева Алия Тлеккабыловна Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің мейірбекесі Кусайнова Самал Болатовна, Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының мейірбикесі Аскарова Асылай Аскаровна, Тасқала аудандық ауруханасының учаскелік медбикесі Ербулатова Асем Сатыбаллиевна, Облыстық кардиологиялық орталығының мейірбикесі Байтемирова Анар Канатовна, Бәйтерек аудан дық ауруханасының акушері Шушлебина Елена Сергеевна.

Аталған «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының бекіткен қайырымдылық акциясы Республика бойынша өтуде.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік шара облыстың өнер және мәдени қайраткерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.