Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы және «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Салтанатты түрде «SENIM» салалық денсаулық сақтау кәсіподағының төсбелгілерімен марапатталды:

— Перизат Омирзакова — «Қарағанды қаласының көпсалалы балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК;

— Нургуль Жазыбекова — «Қарағанды қаласының №5 емханасы» КМК;

— Сауле Кусаинова — «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ;

-Ольга Работягова — «Қарағанды қаласының №2 емханасы» КМК;

— Светлана Горбатова — Теміртау қаласының «№ 3 орталық емханасы» ЖШС.

Сондай-ақ, келесі студенттерге «SENIM» кәсіподағының 2024-2025 оқу жылына арналған атаулы стипендиялары табысталды:

— Адия Копбаева — «Қарағанды жоғары мейіргер интерколледжі» ЖМ;

— Мария Октябрь — «Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжі» КМК;

— Айдана Аманжолова — «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК.

Сонымен қатар, әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымында концерттік бағдарламамен, грамоталармен және алғыс хаттармен іс-шаралар өткізілді.