МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНУДЕ

Қазақстанда жыл сайын медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Алайда биыл өршіп тұрған індетке байланысты бұл кәсіби мереке тойланбауда. Бүгін де медицина қызметкерлері вируспен күресте үлкен жауапкершілікпен аянбай алғы шепте еңбек етуде.

Медицина қызметкерлерінің күніне орай,  Жамбыл  облысындағы медицина саласының бірқатар мамандары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен,  Құрмет грамоталарымен  және  «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан «SENIM» үздігі» төсбелгілерімен, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары мен 100 мыңдық сертификаттарымен арнайы марапатталды.

«SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы өңірдегі белсенді кәсіподақ мүшелеріне және бірқатар мұқтаж медицина қызметкерлеріне 1 900 000 теңге көлемінде көмек көрсетті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне ақшалай сыйлықтар, гүл шоқтары және азық-түлік жиынтықтары үйлерінде тапсырылды.