ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН НЫҒАЙТУ БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

2021 жылғы 4 ақпанда ZOOM платформасында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған «әділдік және даму — бірлікте» стратегиясы аясында еңбек қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын түсіндіру, техникалық инспекторлардың жұмысын жетілдіру мақсатында кәсіподақ ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлармен онлайн кездесуі өткізілді. Аталған кездесуге 100-ден астам техникалық инспектор, оның ішінде «SENIM»кәсіподағының құрамына кіретін бірқатар медициналық ұйымдардың 10 техникалық инспекторы қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы-А. Есекенова:

кәсіподақтың басты басым бағыттарының бірі – еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі екенін жиналғандардың назарына жеткізді. Бүгінгі күні облыс бойынша кәсіподақ ұйымдары бар ұйымдарда 528 өндірістік кеңес, 748 техникалық инспектор жұмыс істейді. Өндірістік кеңестер құруға ерекше көңіл бөлінеді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының еңбек инспекторы Г.Изимбергенова облыстағы еңбек қауіпсіздігінің жай-күйі туралы баяндады.

Сонымен қатар, «Оралэнерго» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС, «КПО б. в.» компаниясының техникалық инспекторлары озық еңбек тәжірибесімен бөлісті.»