2019 жылдың 20 желтоқсанда, Ақтөбе қаласы, Өнер орталығында Бірінші республикалық форум өтті. Фойеде фармацевтикалық өнімдер мен медициналық техниканың көрмесі өтті. Бірінші Республикалық форумға қатысушылар саны 1200 делегаттан тұрды.
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы кәсіподақ ұйымдарының бірінші республикалық форумының құрметті қонақтары:
- Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы,
- Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы,
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қаракен Құралай Ануарқызы,
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Жакселекова Ботакоз Шаймарданқызы,
- Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Курмангалиева Аида Даденқызы,
- «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы Дюсенов Сапарбек Серікұлы.
Бірінші Республикалық форумның пленарлық отырысының модераторы Биманова Бибігүл Ерболатқызы, «AQTOBE» аймақтық телекомпаниясы ақпараттық бағдарламасының бас редакторы.
- Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы құттықтау сөз сөйледі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қаракен Құралай Ануарқызы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы және Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Курмангалиева Аида Даденқызы сөз сөйледі.
Денсаулық сақтау ісіне әлеуметтік-экономикалық дамытудағы қосқан үлесі үшін еңбегі сіңген медицина қызметкерлері, кәсіподақ мүшелері марапатталды :
- Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподаққа сіңген еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Тоғжанов Ералы Лұқпанұлының АЛҒЫС ХАТЫ және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Төс белгілерімен.
Форумның екінші жартысында:
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүшелерінің қатысуымен «Азаматтық қоғамды дамытудағы кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел Модератор: Балпеисова Светлана Асылгирейқызы,
- «Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі» тақырыбында Республикалық семинар Жастар қанатының отырысы Модератор: Куртаева Алия Владимирқызы,
- «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы парасаттылық қағидаттары» тақырыбында Республикалық семинар өтті Модератор: Омарова Ризагуль Мырзагалиқызы.
Барлық қатысушыларға СЕРТИФИКАТТАР берілді
Форум делегаттарының қатысуымен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Орталық кеңесінің отырысы өтті.
I республикалық форумда медицина қызметкерлерінің мәселелерін көтеретін қарар қабылданды.