«SENIM» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҒЫНДА БІРЫҢҒАЙ АШЫҚ ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ КӨШБАСШЫ САЙЛАНДЫ!

6 қыркүйекте, «Достық»конференц-залында 98 делегат «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Қарағанды облыстық филиалының ІІ есептік-сайлау конференциясының жұмысына қатысты.

Жұмыс Төралқасының құрамында: Сапарбек Дүйсенов — «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Бибігүл Төлегенова — Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы; Ноян Бидайбаев — «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды филиалының төрағасы; Болат Жұмабеков- «Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Конференцияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

— Филиалдың қызметі туралы;

— Бақылау-тексеру комиссиясының есебі;

— Мандаттық комиссияның баяндамасы;

— «SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасын сайлау;

— Қарағанды облыстық филиалы кеңесінің құрамын сайлау;

— Бақылау-тексеру комиссиясының құрамын сайлау туралы.

Есеп беру-сайлау жиналысы барысында конференция делегаттары марапатталды: «Еңбек озаты» Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының медалімен «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы — Бибігүл Төлегенова марапатталды.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Төсбелгілерімен:

— Аманбек Нұрбеков – «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖМ бас директоры;

— Қайрат Әбдірахманов – «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК директоры;

— Қалдыбек Исмаилов – «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК директоры;

— Алтынай Есқалиева – «Теміртау қаласының №4 емханасы» КМК директоры;

— Төлеген Садуақасов – «Облыстық қан орталығы» КМК директоры;

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 98 делегат Бидайбаев Ноян Шайғабасұлына дауыс берді.

НОЯН БИДАЙБАЕВТЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ҮШІН ЖҰМЫСТА ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ !