Павлодар Жоғары медициналық колледжінің спорт залында медициналық ұйымдар арасында үстел теннисі бойынша спартакиада өтті

Павлодар Жоғары медициналық колледжінің спорт залында медициналық ұйымдар арасында үстел теннисі бойынша спартакиада өтті.

Медициналық ұйымдардан ерлер арасынан 8 және әйелдер арасынан 5 командасы қатысты. Оның ішінде: Павлодар қаласы №3 емханасының, Павлодар қаласы №2 емханасының, №1 қалалық аурухананың, Облыстық онкологиялық диспансердің, Павлодар Жоғары медициналық колледжінің, ЖИТС орталығының, Ақсу қалалық ауруханасының және Мойылды курортының қызметкерлері.

Жалпы командалық 1-ші орынды Жоғары медициналық колледж командасы жеңіп алды. 2-ші орынды Облыстық онкологиялық диспансер өкілдері иеленсе, 3-ші орынға №1 қалалық аурухана қызметкерлері тұрақтады.

Спартакиада «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының қолдауымен өткізілді.

Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді.