Аудандардағы кездесулер

«SENIM» БҚОФ төрағасы М.Кусаинов филиалдың заңгері С. Саменовамен бірлесіп, бастапқы ұйымдарды жоспарлы аралау шеңберінде 2022 жылғы 13 маусымда БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Теректі ауданының 2-ауруханасы» МКК-на баруды жүзеге асырды.

«SENIM» БҚОФ төрағасы 2021 жылы және 2022 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, ал филиал заңгері құқықтық мәселелер бойынша түсініктеме берді.

Сондай-ақ, «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен «Халықаралық құқық қорғау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында қол қойылған меморандум аясында кездесуге кәсіби медиатор З.Шатикова шақырылып, медиация институты туралы шолу дәрісін өткізді.