2019 жылдың 22 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы, 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және медицина қызметкерлерінің күніне арналған Батыс Қазақстан Облысының медициналық спартакиадасы өтті. Спартакиада ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен, БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен және «Жас қанат» ЖҚБ мен бірлесе ұйымдастыруымен өтті.
Мерекелік шараға денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Мұқанов Ерлан Мақсотұлы, ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы Кусаинов Махамбет Какимұлы, Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры орынбасары Мулдагалиева Зиада Надырғалиқызы және медициналық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жарыс асық ату, жеңіл атлетика, шағын футбол, арқан тарту, жағажай волейболы, дартс спорт түрлерінен өтті.
Спартакиадаға облыстық медицина ұйымдарының 500-ден астам медицина қызметкерлері қатысты.
Жарыс барысында ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы Кусаинов Махамбет Какимұлы Облыстық спартакиадаға қатысушыларға, жанкүйерлерге, қонақтарға ризашылығын білдіре отырып, медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, ерен еңбектері, шипалы алақандары, мейірімді жүректері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында өткен футбол әуесқойлары дәрігерлерінің арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысып, жүлделі орынға ие болған БҚО футбол құрамасына және құрама капитаны Утеуов Руслан Ароновичке алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік, сергектік және спорттық табыстар тілеп, кәсіподақ атынан бағалы сыйлықтар табыстады.
Жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:
Шағын футбол:
1 орын – Көп бейінді қалалық аурухана
2 орын – Бөрлі аудындық ауруханасы
3 орын – Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы
Жағажай волейболы:
1 орын – Тасқала аудандық ауруханасы
2 орын – Жаңақала аудандық ауруханасы
3 орын – Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы
Жеңіл атлетика:
1 орын — облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы
2 орын – Сырым аудандық ауруханасы
3 орын – Тасқала аудандық ауруханасы
Арқан тарту:
1 орын – көп бейінді қалалық аурухана
2 орын – Ақжайық аудандық ауруханасы
3 орын – Бөрлі аудандық ауруханасы
Дартс:
1 орын – Хайрушев Д. М., Ақжайық аудандық ауруханасы;
2 орын – Доскалиев Д. Т., Жаңақала аудандық ауруханасы;
3 орын – Саметов А. М., облыстық көпбейінді балалар ауруханасы.
Асық ату:
1 орын – көп бейінді қалалық аурухана;
2 орын – Теректі ауданының 2-ші ауруханасы;
3 орын – Казталов ауданының 2-ші ауруханасы
Жалпы командалық сынақта:
1-інші орынды – көп бейінді қалалық аурухана,
2-інші орынды — қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы,
3–інші орынды Б аудандық ауруханасы иеленді.
Медициналық қызметкерлердің облыстық спартакиадасы аясында спорттық жарыстардан басқа, қатысушылар мен жанкүйерлер арасында екі номинация бойынша жарыстар өткізілді:
- «Жеңіске деген жігері» номинациясында Теректі аудандық ауруханасы марапатталды;
- «Ең үздік жанкүйер» номинациясында Шыңғырлау аудандық ауруханасы марапатталды;
Жарыс жеңімпаздарына дипломдар, кубоктар, медальдар және естелік сыйлықтар тапсырылды.
Салтанатты шара Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық Филармонияның өнер және мәдени қайраткерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.