«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Президент елдің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудың бағдарламасын жасады.
Бұл Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді. Ауқымы кең, мазмұны да бөлек. “Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге «Жаңа Қазақстанды» құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл ты көп уақыт емес. Халқымыз Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарылды, – деп айтты Президент.
Жолдауда халықтың мұң-мұқтажы, сұрақтары мен мәселелерін шешуде заң үстемдігі берік ұстанбаса, елдің ешбір саласы алға қарай жылжымайтыны анық. Дүниежүзін дүрліктірген пандемия мен әлемдік экономиканың құлдырауы біздің де осал тұстарымызды көрсетіп берді. Әлем өзгерді, демек, бізге де ұлт ретінде, қоғам, халық тұрғысынан жаңа сапаға қадам басқанымыз дұрыс. Бұл – бүгінгі күннің талабы.
Ел дамуының бағыт-бағдарын айқындап берген Президенттің халыққа биылғы Жолдауында еліміз 30 жыл ішінде көптеген табысқа қол жеткізгенін айта отырып, болашағымызды жақындататын жарқын істерге қарымды қадамдар жасалды.
Сондықтан, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. “Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендімізге зор қауіп төнді”, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Олай болса, береке-бірлігіміздің кілті болған Тәуелсіздігіміз жасай берсін! Еліміз аман, жүртымыз тыныш болсын! Елімізде бейбітшілік болсын!
Гүлмайра МОМБЕКОВА, «SENIM» Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы